Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметіне ораналасудың 3 қадамы
құжаттарды рәсімдеу
медициналық тексеріс
жұмысқа орналасау
Келісім шарт бойынша әскери қызмет үміткерлеріне қойылатын талаптар :
Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің қатарында қызмет атқарған.
- Үміткердің жасы 18-31 жас аралығында болуы.
- Білімі орта, орта-арнайы немесе жоғары болуы.
- Үміткердің өзіне қылмыстық іс қозғалмаған болуы керек.
- Жақын тустары ауыр және аса ауыр қылмыс бойынша сотталмаған болуы керек
Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметінде әскери қызметшілерге келесідей әлуметтік қамтамасыз етілулер қарастырылған:
Айсайынғы жалақы 250.000 теңгеден басталады.
Тұрғын үй төлемдері әр отбасыдағы адам басына 37235 теңге және "әскери баспана" ипотекалық кредиттік бағдарламасы арқылы төмендетілген түрде жеке баспана рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған.
Жылсайынғы әскери қызметшіге 45 күндік демалыс және 2 лауазымдық айлық төленеді демалыс уақытында айлық төлемдері жалғасады.
Тегін Медициналық қамтамасыз етілулер мен емдеу іс шаралары қарастырылған. Зейнет шығу бойынша 47 жастан бастап.
Жауынгерлік қызметке немесе мемлекеттiк шекарада қызмет атқару кезінде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
Әскери киім үлгілерімен тегін қамтамасыз етіледі (далалық, күнделікті, салтанатты және қысқы киім нысандары.)
Техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар және алты ай қызмет өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге құқылы.
ӨТІНІШ ТАПСЫРУ ҚҰЖАТАМАСЫН ЖҮКТЕУ