БІЗ ОТАННЫҢ БЕРІК ҚАЛҚАНЫ

ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы

ҰҚК Шекара қызметі

1

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) – Қазақстан Республикасы аумағының (құрлығының, суларының, жер қойнауының, әуе кеңістігінің) шектерін айқындайтын сызық пен осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн жазықтық және Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі қолданылатын кеңістік шегі.

2

Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі шаралар

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау үшін осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес уәкілетті органдардың, ұйымдардың және азаматтардың күштері мен құралдарын тартады. 2. Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі шаралар оның учаскелерін санаттарға бөлу ескеріле отырып қолданылады.

3

Мемлекеттік шекара режимі

1. Осы Заңға және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде Мемлекеттік шекара режимі қолданылады.

2. Мемлекеттік шекара режимі:

1) Мемлекеттік шекараны (Каспий теңізіндегі Мемлекеттік шекара учаскесін қоспағанда) күтіп-ұстау;

2) Мемлекеттік шекараны кесіп өту;

3) Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу;

4) шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру, жүріп-тұру және шекаралық белдеудің үстінен ұшуды жүзеге асыру;

5) шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу;

6) шекарадағы тосын оқиғаларды шешу тәртібін қамтиды.

3. Мемлекеттік шекара учаскелері бойынша шекаралық белдеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Шекаралық белдеуде Мемлекеттік шекараны белгілеу шебі жабдықталады.

4

Шекаралық аймақ

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі шекара маңындағы әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағы шегінде осы Заңда айқындалған шекара режимі қолданылатын шекаралық аймақты белгілейді.

2. Шекара режимі – шекаралық аймаққа кірудің, онда уақытша болудың, тұрудың немесе орын ауыстырудың, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізудің белгіленген тәртібі.

3. Шекара режимінің негізгі мақсаты Мемлекеттік шекараны қорғау үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы шекаралық аймақта белгіленген тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады.

4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі шекаралық аймаққа кіретін жерлерде жол (ақпараттық) белгілерін орнатады.

5. Шекаралық аймақта Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтеусіз, тұрақты пайдалануға инженерлік-техникалық құрылыстар мен бөгеуіштерді, коммуникацияларды, өткізу пункттерін және Мемлекеттік шекара инфрақұрылымының өзге де объектілерін жайластыру мен күтіп-ұстау үшін пайдаланылатын жер белдеулері (учаскелері) бөлінеді.

6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісілген жергілікті атқарушы органдардың ұсынулары бойынша шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесі белгіленеді, онда Қазақстан Республикасының Үкіметі жекелеген режимдік шектеулердің қолданысын алып тастауы немесе тоқтата тұруы мүмкін.

7. Шекара режимін бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жүзеге асырады.

5

Шекаралық аймақта уақытша болу, тұру және жүріп-тұру

1. Шекаралық аймақтағы адамдар жеке басын куәландыратын құжаттарын үнемі өздерімен бірге алып жүруге тиіс.

2. Қазақстан Республикасына оңайлатылған өткізу пункттері арқылы кірген шетелдіктер (шектес мемлекеттердің шекара маңы аудандарының тұрғындары) шекаралық аймақта жеке басын куәландыратын құжаттары және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі беретін арнайы рұқсаттамалар бойынша, егер Қазақстан Республикасының шектес мемлекетпен халықаралық келісімдерінде осылай көзделген болса, жүріп-тұрады.

3. Шекаралық аймаққа кіруді, онда уақытша болуды, тұруды және жүріп-тұруды бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жүктеледі, олар шекаралық аймаққа кіретін жерлерді келісім бойынша белгілейді.



АДРЕС

Жамбыл обылысы Қордай ауданы Қордай ауылы Беріктас көшесі 17 үй

НӨМЕР

8(726)-366-94-07

© Беткайнар шекара бөлімі